АЛТЫН ЖЕҢГЕМ АЛПЫСТА
Алпысқа келіп қапты жасың, жеңгем,
Жүрегің ақ қағаздай асыл жеңгем,
Балаларың шеттерінен өнегелі,
Өрлеген өрге қарай тасың, жеңгем.
Сақтадың өз ұлтыңның салтын, жеңге,
Атыңды ардақтайды халқың, жеңге,
Бес мүшел мерейтойың құтты болсын,
Кең сарай көкірегің алтын жеңге!
Бар затын қолындағы бөліп берер,
Қуанса, мол күлкіге ерік берер,
Өзіңнің қайда жүрсек нұр дидарың,
Көңілге айықпастай көрік берер.
Жеңеше, әнім де сен, жырым да сен,
Басқаға дәл өзіңдей бұрылмас ем,
Мәңгілік ағамыздың қасында жүр,
Құлпыртып қызғалдақтай гүліңді әсем.
Татыған талайлардың талғамына,
Ұмытылған ұнамды мен алдағығы,
Сен деген аыслдардың асылысың,
Ілінген ағамыздың қармағына.
Ағындап тамырыңда бұрқап қаның,
Жеткіздің өмір әнін шырқап бәрін,
Ақ адал ниетіңді Алла көрді,
Көгеріп, көбеюде ұрпақтарың.
Жоқ шығар бұл айтқанға таласарың,
Сен жоқсың қатарында аласаның,
Құдайым әлі талай ғұмыр берсін,
Қасыңда аман болсын қара шалың!
Көргенде мен өзіңді түлеп кетем,
Соқпайды ешуақытта жүрек бөтен,
Сіздерге мәңгі бақыт тілеймін мен,
Болмады туысқанда тілек бөтен!