26.07.2022
131
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-07-25-19-30-29.png)
ІНІМ ҮЙЛЕНГЕНДЕ
Дәл бүгін гүлді реңім,
Шуақты Күн жүрегім,
Той үсті толғанамын,
Ойымды білдіремін,
Осы еді аңсағаным,
Күттірді қаншама күн,
Қанатым үмітті ақтап,
Жайнады жан самалым,
Ақ Қанат, ақ Самалым,
Рахат тапса жаным,
Көңілім қартаймаса,
Гүлденер бақшаларың,
Сендерсің-ән дегенім,
Сендерсің-сәулелерім,
Түрленіп төрт құбылам,
Бөленді сәнге менің.
Өздерің нұр тілерім,
Сендерге бір тілегім
Болмасын кірбіңдерің,
Шалқысын күлкілерің,
Тасысын талаптарың,
Күмбірлеп сағаттарың,
Бақытты болыңыздар,
Жарқырап қабақтарың!