26.07.2022
120
БАЛАМА
Жасыма, жаныма, жасыма,
Жақын келші қасыма,
Орынсыз ойнап, тасыма,
Қабағыңды кіржитпе,
Іс түссе де басыңа.
Желікпе, жаным желікпе,
Жақсыларға елікте,
Әрекетсіз ерікпе,
Сұрықсыз ойды сейілтіп,
Айналдыр асыл көрікке.
Қарадай ішің пыспасын,
Сырттамасын тұстасың,
Биікке самға ұшқасын,
Даусызбен дауласпа,
Таңда сөздің қысқасын.
Келбетің көзім тойғандай,
Кіреукені жойғандай,
Тізеңе басты қойғандай,
Қанша ақылды болсаң да,
Іс істеме ойланбай.