26.07.2022
  85


Автор: Бірғали Байекеев

Махмут үйінің орнында

Наурызды
мүк басқан, тңды-қырау
Махмуттың
үйінің орны-мынау.
Сәл қалыппын
өтуге аңғармастан,
Аңғалдықтан
өлетін сорлымын-ау
Анау Ботпай
Бабаның баспанасы,
Талайларды
тойдырған асқан асы.
Кенжетайдың
бөлмесі бөлек тұрған,
Айхай, дәурен
құлдыртқан жасқа масы
Жанарыңды
жітілеу түсір ептеп,
Қара жұрттан
қалайша кісі кетпек?!
Құлағыма
Көнеден бір үн жетті:
«Қоныс еткен
бұл жерді Мүсіреп» деп.
Соңынан да
ізі қапты ісі көптіңкуә тастар,
Келеді мүсін еткің.
Есеней би
сыйлаған қара қоныс
Қасиетті
мекені Мүсірептің.
Мақтан еткен
самсаған Сибан елі,
Ибасына
жарасқан иман өңі.
Елтінжалдың
кең қолтық құшағына
Құдайым
бар жақсысын жиған еді.
Елжірейді
егінді Елтінжалың,
Жүрегімді
аунатқан толқын-жалын.
Табындырған
талайды киелі орын
Ұмыттырды
менің де еркім барын.
Өз еркіме
шыдамым әрең көніп,
Тепкен қаннан
беттерім сәл өңденіп,
Қара жұрттың
орнынан мен аттандым
Бейне бір
Ғабең болып, әлем болып!





Пікір жазу