26.07.2022
  91


Автор: Бірғали Байекеев

Түңілсең, түңіле бер!

Түңілсең, түңіле бер!
Шамам жоқ шыдамдылық жібін өрер.
Салық қып салқындықты сынасаң да,
Шындыққа жүгіне гөр!
Қайтейін өкпелесең. Сол бекемім,
Морт сынбан болмашыға мен де тегін.
Көтерген қылығыңды желге етегін,
Арыңа адамшылық белгі етемін.
Жүзіңді жүздессең де бұрма маған,
Сенсіз де қойын-қоншым құрғамаған.
Күнім жоқ, пәк күлкіңді ұрламаған,
Енді хош! Қала кетіп, қырға барам.





Пікір жазу