26.07.2022
  99


Автор: Бірғали Байекеев

Көңілімде мың-сан ойлар, жүз күдік...

Көңілімде мың-сан ойлар, жүз күдік,
Дегбірімді тұзақтайды ізгі үміт.
Көк төсінде күлімдейді күміс ай,
Дегендейін «жігіт болсаң, қызды күт».
Көктемгі қызғалдақ па ең, өртең бе едің,
Отыңа неғып күйіп, өртенбедім?!
Жүргенде дәтім бармай бір қарауға,
Көзойнақ неге керек, еркем менің.





Пікір жазу