26.07.2022
  90


Автор: Бірғали Байекеев

Жадымда гүл шақтағы қалды елесің...

Жадымда гүл шақтағы қалды елесің,
Кездессең әлі күнге нәр бересің.
Өзіңе жылдар салып тағы келдім
Жүздіріп сағыныштың сал кемесін.
Қысылма, қарсы ал енді қонағыңдай,
Тұрайын қуаныштан мен арылмай.
Делбеші, деміңменен, серпілейін,
Жаратқан бәйгенің тор шолағындай.
Жаттығың сезілмейді қанша болды,
Көңілің беріктікке нанса болды.
Құшақтар қала берсін ажыраспай,
Жүректер ғашықтықтан жанса болды.
Өзіңді менен басқа сағынар кім,
Тағы да табысатын табылар күн.
Қош енді, мәңгі ескірмес махаббатым,
Жәннатта жүздесерміз тағы бәлкім?!





Пікір жазу