26.07.2022
  86


Автор: Бірғали Байекеев

ҰМЫТПАЙ ЖҮРСЕҢ...

Тал бойың түзу пішінде,
Қызғалдақ сынды, қарағым.
Қызыл тыл тоғай ішінде
Еліктей елтіп қарадың.
Қарадың-дағы арбадың,
(Қалайша түсті қармағың?!)
Сыпайы ғана жымидым,
әріге содан бармадым.
Әріге содан бармадым,
Сезініп пәктік салмағын.
Ұмытпай жүрсең жарайды.
Болмайды менің арманым.





Пікір жазу