meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  26.07.2022
  142


Автор: Бірғали Байекеев

Алқынып албырттықпен абайламай...

Алқынып албырттықпен абайламай,
Кеттің-ау қайта оралмай, қарайламай.
Ойласам оңашада елестейді
Жанарың жарқыраған шар айнадай.
Ажарың айдын көлдің тұнығындай,
Қос сырғаң алтын айдың сынығындай,
Түсінбей таңданумен әлі жүрмін,
Баладай бұртаңдаған қылығыңды-ай.





Пікір жазу