26.07.2022
180
Етегін желпіп есіріп
Етегін желпіп есіріп
Екпінін дауыл үдетті.
Баянын жаздың көшіріп,
Бақ ішін замат жүдетті.
Жел өті тоғай жалаңаш,
Жоғалтты алтын теңгесін.
Шұлғиды басын бар ағаш,
Күз-батыр жеңе келгесін.
Толқынын шашып дария
Кілкиді қаққан зереңдей.
Сулайды көзін қария
Дәурен-ай, шіркін дегендей.