26.07.2022
100
Жетпесе де қырау қыс хабары әлі...
Жетпесе де қырау қыс хабары әлі,
Қабағы қырау күздің қабарады.
Салдақы сайқал желдің сабалаған
«Зәбірінен» сидаң тал сазарады.
Қарамайды күн бүгін күліп тіптен,
Қатты ұйысып қалыпты бұлт тіптен.
Жағада өскен жаз бойы жамырасып
Қалың қамыс түтігіп, шіріп біткен.
Тұнжыр торғай әлсіздеу сырнайлатып
Бұта астында құнысты тұрмай жатып.
Мезі қылған мінезі қарашаның
Көңілсіз сәттерімді тұрды ойлатып.