26.07.2022
  98


Автор: Бірғали Байекеев

Аулақта бұлттар жүзеді...

Аулақта бұлттар жүзеді,
Аспанның асты сия көк.
Тырналар көшін түзеді
Қиырға алыс қиямет.
Зер таққан қырдың алабы,
Қызыққа маңай бөленді.
Алыстап құстар барады,
Жүрекке құйып өлеңді.
Сазынан оның наланы ұқ,
Соққандай бейне қоңырау.
Қоштасқан күз бен балалық
Бұл да бір қимас өмір-ау.





Пікір жазу