26.07.2022
92
ҚЫРДАҒЫ КӨРІНІС
(Осы бір күзгі шақ қандай!)
Сорабы жолдың саралжым бояу жаққандай.
Азаннан айқай жапанда жалғыз жылқы ауыл
Тыныштық тапты сыланып көкте жатқанда Ай.
***
Шолпысын тағып
Күледі кербез алтын Ай.
Тұңғиық түннің
Сүйектен өткен салқыны-ай.
Сыланып жатыр
уыз сәулемен сүт-дала,
Ызғырық өті
ақ тәнін ашып жарқырай.
Кейуана қарттың
деміндей леп өседі,
Тоғайдың тұнжыр
лыпасын еппен шешеді.
Қап-қара бояу
күйе жаққандай шабысып,
Шалқар теңіздің
шым тереңіне көшеді.