26.07.2022
  122


Автор: Бірғали Байекеев

Бөтеке бүйір беткейі қырдың бөлекше...

Бөтеке бүйір беткейі қырдың бөлекше,
Қалыңы біткен шуласып әлек жел өпсе.
Қайғытып келіп қиядан ілді қарақұс,
Тырнағы қанды, аузында-арам өлексе.
Қараша күйде қымыз аңқыған тұр күбі,
Алтын жал тұлпар тұяғын сермеп ырғыды.
Тобыр табынның қарасынан көз жазбай
Жіті қадайды жылқышы жігіт дүрбіні.
Тағдырдың төсі таз түскен бастай тұлдыр ақ,
Әудемде ауыл- жанарда тұнды бұлдырап.
Әкесін көріп алдынан тұра жүгірді
Шоколад түстес шиеттей бала құлдырап.





Пікір жазу