26.07.2022
122
Жалғыз тырна
Мазасыз мұңлық тырна, мұңды әуенің,
Мұңайтты маң далада тыңдап едім.
Қалыпсың үйіріңнен көзің жазып,
Шеттеуден мен де төзім шыңдап едім.
Тырнам-ай, әнің сазды тыраулаған,
Жеткізіп сезіміңді тұр-ау маған.
Қағілез қанатыңның сусылынан
Жүректе ақ қауырсын жыр аунаған.
Жалғызым, алыстадың назыңды айтып,
Өлеңім өшті замат жазылмай түк.
Жазықсыз жалғыз тырна қанатыңда
Менің де бара жатыр жазым қайтып.