26.07.2022
  529


Автор: Бірғали Байекеев

Қандай ғажап, қарап тұрсаң, би деген...

Қандай ғажап, қарап тұрсаң, би деген,
Би дегенде біліп болмас күйге енем.
Сұлулықты шын түсініп, білмейді
Ұлттың биін жан-тәнімен сүймеген.
Дәл осында қимыл деген, сый деген,
Дәл осында мазмұн деген, ой деген.
Сұлулықты шын түсініп, білмейді
Ұлттық биге басын төмен имеген.





Пікір жазу