26.07.2022
  83


Автор: Бірғали Байекеев

НАУРЫЗ

Күн бүгін дара күткен,
Сағынып дала күткен,
Асыр сап жүгіреді,
Мәз- майрам бала біткен.
Құпия ашалық бір,
Той – мейрам жасалық бір.
Наурыз келбетімен
Көк белдер жасанып тұр.
Наурыз төрге келіп,
Жылуын жерге беріп,
Өмір тұр дөңгеленіп,
Төрт түлік көмбеленіп,
Барадытөлдер өріп.
Ақ дәмін сезеді ерен,
Тәп-тәтті-ақ көжелерім,
Арулар су тасуда
Толтырып көзелерін.
Өткен жыл көнергендей,
Күн мен түн теңелгендей,
Ұлыс күн ырыс әкеп,
Көктеммен кенелгендей.
Кел, көктем-Ұлық айым!
Сырыңды ұғынайын,
Саяңда тынығайын,
Ақ шуақ нұрларыңа
Армансыз жылынайын,
Тұп –тұнық жаңбырыңа
Шомылып жуынайын
Елімді жағалап көр,
Сайымды сағалап көр,
Сөзіме салауат бер,
Баршаға қанағат бер!
Құт болып қоншы маған,
Қыдыр бол жол сұраған,
Ен байлық еселеніп,
Еліміз болсын аман!





Пікір жазу