26.07.2022
113
УА ЖҰРТЫМ, ЖАРҚЫРАҒАН ЖЫЛ КЕЛЕДІ
Армысың, ақниетті іргелі елім,
Тілегім өзіңменен бірге менің.
Шалқиын мұхиттайын тебіреніп,
Желкенін желге тосып жыр-кеменің.
Жыл таңы бүгін бөлек түрленеді
Уа жұртым, есігіңді аш Жыл келеді,
Ақ ұлпа сәби жылдың дидарында
Қуаныш пен бақыттың тұр бедері.
Жар салып жанға жайлы үн келеді,
Үнменен күллі өмірім гүлденеді.
Табиғат ұяң қалпы иба сақтап,
Қыс көзін аппақ қармен сүрмеледі.
Қаршы, арайланып ақ аспаным,
Үйлесіп жаңа күнмен жарасқанын.
Ақ көрпе қар жамылып, монтияды
Үлбіреп ақ бөпедей ағаштарым.
Бүлкілдеп тынбай ағып жылғалары,
Көгіме қадам басып Жыл барады.
Дарытып құт-береке өміріме,
Жаңа Жыл, жаңылмай жаз жылнаманы.