26.07.2022
  114


Автор: Бірғали Байекеев

АСТАНА

Ән дарытып бойына,
Күй сіңдірген Астана,
Хор қызындай келбетті,
Сүйсіндірген Астан.
Ақ есілге таранып,
Сылаңдаған Астана,
Әсемдікті әйгілеп,
Ұрандаған Астана.
Пейілінен қазақтың
Жаратылған Астана,
Аспанымда азат Күн
Дара тұрған Астана.
Әрбір таңы шуақты,
Арайланған Астана,
Келешекке қуатты,
Қарай қалған Астана.





Пікір жазу