26.07.2022
  174


Автор: Бірғали Байекеев

ӘНҰРАНЫМ-АЙБЫНЫМ

Жер бетінде ғажайып, әйбат халық,
Көк байраққа бақытын байлатты анық,
Еркіндік белгісіндей Елтаңбасы,
Айтамыз Әнұранды айбаттанып.
Кетеміз рухтанып шырқағанда,
Туындап бойда қуат бұрқағанда,
Сазымен сергітеміз санамызды,
Іргені бейғам қымтағанда.
Халықпыз жаман қылық жолатпаған,
Сыйланып, тойлы жерде төр аттаған.
Салтанат, жеңістердің хабаршысы


Ұлы әуен жүректерге қонақтаған.
Көмейде күмбірлейді бүлкіл өлең,
Жасындай жай ойнатып күркіреген,
Бұл әуен Желтоқсанда рух беріп,
Ең алғаш ұлт түйсігін сілкілеген.
Биік бол асқақтаған, Шаңырағым,
О, халқым, бір өзіңе табынамын,
Көк туым көк жүзінде желбірей бер,
Шырқалып әрбір таңда Әнұраным!





Пікір жазу