26.07.2022
145
СОЛДАТ СӘЛЕМІ
Мойнымда борышым,
Жүрмін ғой шалғайда,
Көп ойлап ол үшін,
Анашым, сарғайма.
Өтер күн ағылып,
Сәулеңді құшармын,
Ашылар сағынып,
Мейірбан құшағың.
Бойыма тараған,
Ақталар ақ сүтің.
Қадірлі жан анам,
Күте бер жақсы күн.