26.07.2022
182
ҚҰРБЫМА
Бойыңды баурап сан арман,
Күткендей алдан шабыт күн,
Жас тамып мөлдір жанардан,
Құрбым-ау неге жабықтың?
Жалт етіп жаңа өтті не,
Қарайсың неге әйнектен?
Ой тастап әлде кетті ме,
Екі жас анау әндеткен.
Есіңе , мүмкін, оралған,
Серттескен сол бір жаға ма?
Көбікке әппақ оранған,
Ақ қанат әлде шағала.
Тыңдап ап жүрек дүрсілін,
Куә боп қалды-ау сонда ақ түн.
Жарды ғой талдар бүршігін,
Күтіп ал жанын солдаттың