26.07.2022
125
МАМЫР АЙЫ
Көгілдір белден көрінген сәтте ақ таңым,
Сандуғаш құстар сайратып кетті бақта әнін.
Мейіріммен өпкен, шапағын төккен ару Май,
Армысың, арман шақтарым.
Көгілдір әлем. Төңірек тегіс көкпеңбек,
Жас қалам менің жайраңдап жатыр көктем кеп.
Жондардың құба гүлдерін еске түсірер,
Көшеде қыздар неткен көп!
Жер үстін шалқар қуаныш жайлап кеткен бе ей,
Шаттықтың үні барады заңғар көкке өрлей.
Жасарып мәңгі жайнасын жалпақ ғалам бұл,
Бақытты күні шектелмей.