26.07.2022
  95


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

АҚЖАРМА АҚЫН

/Т. Айбергеновке/
Жырыңнан көрдім бейнеңді,
Көргем жоқ, бірақ, бетпе-бет.
Білемін, шат қып кеудемді,
Бір нөсер құйып өткен ед...
Тасқындап бойда өр екпін,
Қиянға құлаш сілтедің.
Жалыныменен жүректің,
Төгілді-ау сел боп жыр тегін.
Серік боп әр кез от арман,
Сырластың келешектермен.
Мезгілсіз шығып қатардан,
Қалайша өмір шектелген?





Пікір жазу