26.07.2022
  80


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

СЕНСІЗ ЖЕРДЕ...

Менің кеудем сен үшін тұрақ дәйім,
Сенсіз жерде сөнген бір шырақтаймын.
Сенсіз жерде жүректі мұң тілгілеп,
Сенсіз жерде арнасыз бұлақтаймын.
Сенсіз жерде сан түрлі сезімдемін,
Сенсіз жерде шат болар кезім де кем.
Сенсіз жерде сансыз ой қыспаққа алып,
Менен мүлдем қашады төзім деген.
Сенсіз жерде мәнсіз-ау ақ таң-дағы,
Қолын бұлғап қаланың жатқан бағы.
Сенсіз жерде күңгірт боп арайлы шақ,
Жайлы әуендер жадымда жатталмады.
Мен де өзіңдей өмірдің бүршігімін,
Нұрландырып жанымды жүрші, гүлім.
Қимасымдай көрінген жан сәулешім,
Тек сенде ғой жайдары тіршілігім.





Пікір жазу