26.07.2022
  80


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

ЖАҢА ЖЫЛМЕН СЫРЛАСУ

1.
Сәлем жарқын жаңа жыл!
Ақ сезімдерге толы арманым ба едің аңсаған,
Артарым көп-ау осындай сәтте дәл саған.
Шұғылалы күннің шуақтары тиіп еншіме,
Қызықтап сені, тамсанам.
Көтеріліп көңіл, ән салам.
Шабытым шалқып, өт болып жанып, өзіңмен,
Жұптасып жатыр бар санам.
Дуылдап жатыр барша маң.
Жайлы өмірімді жаңғырта келген Жаңа жыл,
Қуана сені қарсы алам.
2.
Қалайша ғана таспайын?!
Арайын төгіп алаулап тұрған ақ таңда,
Әуезді әуен бойымды тербеп жатқанда.
Табиғат сыры ашылып, Маңғыстауымда
Қара дариялар аққанда.
Дүбірлі мына дәуірдің ертеңіменен тілдесіп,
Қиялым қанат қақты алға.
Қапас заманда күн кешкен бағзы бабалар,
Тамшыдай бақыт тапқан ба?!
Айнала-жерге сән қосып, жанарыңа сәуле жинаған,
Өзіңдей қызу шақ бар ма!
3.
Қол созып алдан болашақ,
Асығыс келем, аялдау деген жоқ мүлдем.
Заңғар ойларым тұңғиық ашып, көк тілген.
Алып корабльдермен алқызыл жалау көтеріп,
Айға да самғап кеттім мен.
Шырақтар жағып, даланы меңіреу түлеттім,
Дауылдай асау екпінмен.
Дүниедегі түнекті серпіп, тілгілер,
Жарқылдап жүрер отпын мен.
Айналдым сенен, Жаңа жыл, аңқылдап ашқан кеудеме,
Ақ қанат арман боп кірген.





Пікір жазу