26.07.2022
  90


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

ТІЛЕК

Жүрген жолды тұр ғой , сірә, өлшеп күн,
Арқаладым жастайымнан жақсы үміт.
Жарқын оймен болашаққа жол шектім,
Серік болып сезімдері жақсылық.
Тілейтінім-бөлмесінен әр үйдің,
Жатса екен бір күміс күлкі естіліп.
Тілейтінім-бүгінгі жас сәбидің,
Пәк болуы кеткен кезде ес біліп.
Тілейтінім-арайлап таң атары,
Сан арманның жібек жібін жалғаған.
Тілейтінім-оңды болып сапары,
Жүре бергей тоқтап қалмай жолда адам.
Тілейтінім-шықпасын тұншығып үн,
Қуаныштан көздерде жас тұнып қал!
Тілейтінім-бұл дүние тіршілігін,
Аяласын тек қана жақсылықтар!





Пікір жазу