26.07.2022
  102


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

АРМАН ЖОЛДАР

Жазылған жоқ өмірдің дастаны әлі,
Арман-жолдар алысқа баста қані.
Тұлпардай от тұяқты көсілейін,
Самал боп сары белден есілейін.
Көрінейін сонау бір шың басынан,
Жасыл орман жанымнан тыңдасын ән.
Арман ауылы жайлаған бағытты алып,
Сөнсем егер сөнейін, жанып барып...
Жазылған жоқ өмірдің дастаны әлі,
Жолдар, жолдар! Қанеки, баста мені.





Пікір жазу