26.07.2022
  140


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

АНАМА ХАТ

Жаз тектес дидарыңда ақ таң күліп,
Жамандық атаулыдан сақтандырып,
Ан-а-у кезде, анашым, салған едің,
Өмірдің сапарына аттандырып.
Сөйтіп, мен, қасыңда көп бола алмадым,
Шақырып шалғай шепке бал арманым.
«Келмеді,-деп ,-ұлымнан хабар неге,
Толтырған да шығарсың жанарға мұң.
Қол созып жүрсің-ау сол көктеміңе...,
/Ойланып отырғам жоқ текке, міне./
Толассыз ағып өткен тарпаң жылдар,
Әжімдеп ақ жүзіңді кеткені ме.
Жан ұлың, айналайын асыл анам,
Енуге құшағыңа асық әмән.
Мен енді саған қарай сағынышпен,
Өлеңнің өзені боп тасып ағам





Пікір жазу