26.07.2022
  530


Автор: Сәттіғұл Жанғабылұлы

ӘЛІ ДЕ СӨЗІМ ДӨҢГЕЛЕР

Алқалы топқа көрінбек
Өрен жүйрік шабысы,
Қиырдан көзге ілінбек
Дүлділдің аяқ алысы.
Шарықтап ұшқан қыран құс
Шабытпен көкке өрлесе
Тау да болса өңгерер.
Сұңқылдап бұлбұл сайраса
Дүниеге өң берер.
Шабытым келіп тұрғанда
Жас кезім алыс кетсе де,
Тоқсанға жасым жетсе де
Сарайына Отанның
Қаланар мен бір кірпіші –
Әлі де сөзім дөңгелер...
1965 жыл





Пікір жазу