26.07.2022
252
АЖАРЛЫ ЕКЕН ТӨЛДЕРІ
Тұщыбектегі ферманың
Көрген жоқпыз кемісін.
Орындап жүр өсіріп
Мал басы – шаруа, егісін.
Алған екен әуелден
Қолайлы жерден өрісін,
Қара шөпті қақ жарып
Малдары жатыр семіріп,
Қоздап жатыр қойлары
Үшеннен туып емізіп.
Ажарлы екен төлдері
Жоқ екен шығын – өлгені,
Қоралары сайлы екен,
Малдары семіз, майлы екен.
Үздік шығып бұл ферма
Табысы тасып күн санап
Өрден өріс өрледі.
Қойын баққан ферманың
Шаруағы мығым, қажарлы
Стахановшы қарт екен
Қой, қозысы ажарлы,
Он екі жыл қой бағып
Отан үшін ойланып
Күндіз-түн көзін жазбайды
Онын баққан қойлары
Арып-ашып азбайды.
Егіздетіп, үш еннен
Саулықтары қозғайды,
Мал бағуға келгенде
Одан ешкім озбайды.
1944 жыл