26.07.2022
122
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-07-25-23-33-10.png)
ӘДІС КЕРЕК ӘРТҮРЛІ
Әдіс керек әртүрлі
Мал өсіру жайында,
Пішені мен қорасын
Күн бұрыннан дайында,
Көңіл бөліп күндіз-түн
Көздеріңді айырма.
Ферманы гүлдей көркейтің
Ұлы шайқас майданда,
Жауды тегіс жоюға.
Сақтаңдар боран, қасқырдан,
Көз жазып малдан бас ұрмаң,
Оты-суын қандырып
Бүйірін орта-аш қылмаң,
Орындаңыз жұмысын
Басқарманың тапсырған.
Орынсыз малды жойғандар
Жат адам деп ойлаңдар
Үкіметке қас қылған.
Босына малды жоймаңыз,
Кемітіп басын - соймаңыз,
Көбейтіңдер өсіріп,
Жалқаулық жасап қоймаңыз.
Әрбір түрлі жұмысқа
Әзірлікті сайлаңыз.
Қажымай қайрат етіңіз,
Белді бекем байлаңыз.