26.07.2022
  133


Автор: Сәттіғұл Жанғабылұлы

БІЗ ЖЕҢЕМІЗ

Өлкемнің мынау аймағы
Байлық қой, шіркін, таусылмас
Алынбай жатқан қаймағы,
Көмірден басқа бұл жерде
Бар деп жүр мұнай-майлары,
Жоспарды артық беріп тұр
Еңбектің әрбір айлары.
Таушықта қалың көмірім,
Еселеп еңбек өнімін,
Жау қолына бермеспіз
Қастерлі туған өңірім.
Каспийде балық молшылық,
Тереңнен тартып ауларды
Мол тапсырсақ соншалық
 Әрқайсысы бір-бір оқ
Жайпап салар жауларды,
Төңкеріп тастап тауларды.
Инженерлер байлықтың
Не бір түрін баурады.
Мыңғырған малым қырымда,
Сенім мол менің жырымда,
Талқан боп фашист қашады
Шыным да осы сырым да.
Боздақтар келер жеңіспен
Шаттыққа сонда енерміз,
Жараңдар, еңбек етіндер,
Уәдеге берген жетіңдер –
Әлі-ақ жауды жеңерміз.
1943 жыл





Пікір жазу