26.07.2022
  117


Автор: Сәттіғұл Жанғабылұлы

АЛМАТЫ САПАРЫНДА

Астанаға ауды іңкәрім
 Маңғыстау – мекен-тұрағым,
Бет алған күні бағыттап
Көліктің жүйрік пырағы
Көрсетті жердің біразын.
Ағыны күшті – құлдырап
Зулады мүлде болжатпай
Жердің жүзі бұлдырап,
Әр жерде орман, көк өзен
Барады қалып сылдырап,
Қара тұлпар қарқынды
Шапқан сайын аяған
Темір жолға ұрғылап.
Тарылды жердің танабы,
Көрдім талай қаланы,
Көзді ашып-жұмғанша
Қарасын үзіп қалады,
Саңлақты жүйрік сол тұлпар
Қызған сайын табаны
Жұлдыздай зырлап ағады,
Анда-санда тыныстап
Стансыдан жүргенде
Айқайлайды дыбыстап,
Шаршатпайды адамды –
Жүрісі жайлы тынышты-ақ,
Көлденең бір тауларды
Тескен екен жұмыстап,
Өте шықтық одан да
Он минутта жылыстап,
Сосын қойдық маңдайды
Алматыға дұрыстап...
... Қазақстан кіндігі
Алматының қаласы,
Жапырағы жайқалған
Жемісі миуа шайқалған –
Жеткізіп көркін айта алман
Болсам да ақын майталман
Қалың орман ағашы
Қар кетпейтін басынан
Асқақтаған тауы бар,
Сарқыраған бұлағы
Саулы інгендей саулылар,
Көк мақпалдай құлпырған
Даласы – таудың арасы,
 Алматым менің бұл тұрған
Бақыттың кіндік қаласы,
Келешегі құлпырған
Жүрегіне нұр құйған
Астанамда орнаған
Қазақтың қара баласы.
1937 жыл





Пікір жазу