26.07.2022
  122


Автор: Сәттіғұл Жанғабылұлы

ТАЙЫР АҚЫНҒА ХАТ

(үзінді)
Мен – қартың Маңғыстаудың жеріндегі
Мал баққан шаруа қазақ еліндегі.
Ал, сен, бір Алматының жүйрігісің
Ұяда үлгі көрген тегіндегі.
Жолдаған бұрында да жырларым бар –
Қолымнан бір кетті де көрінбеді.
Шын жүйрік бәйгі ала алмас бап болмаса,
Пайда жоқ ақындықтан бақ болмаса,
Жырларым Алматыда ұйықтап жатыр
Бір пенде оятатын тап болмаса...
1933 жыл





Пікір жазу