meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  26.07.2022
  259


Автор: Түмен Балтабасұлы

САРАҢ БАЙҒА


Дауысың жаман қарлыққан,
«Тұмауға» күнде шалдыққан
Алланы бір айтпайсың
Хабарың бар ма шалдықтан?
Бөтен адам көрінсе,
«Бұл кім-ай» деп аңдытқан.
Киімің жоқ келісті,
Әкеңмен жасты кебісті
Қара сандыққа салдыртқан
Пейілің кетіп байеке-ау,
Алдыңдағы бір қора,
Қайыр көрмедің жандықтан..!





Пікір жазу