26.07.2022
149
«КАРТОЖНИК» БАЛДАРҒА
Бірін-бірі өтірік құрметтейтін
Отырыссыз күні жоқ бірге өтпейтін.
Есіл-дерті бір-бірін ұтып алу,
Бар болғырлар күні жоқ құр кетпейтін.
Бар айлығын «қан сиіп» ұттырады,
Қатын-бала үйде отыр үргектейтін.
«Жиырма бір» деп, «мөшкі» деп құржың қағып
Шілде-жазда осылар дірдектейтін
Боқтасады қаралық жасай қойып,
Шалдар да жоқ «қойыңдар, тұр кет» дейтін.