26.07.2022
  139


Автор: Түмен Балтабасұлы

АҚТАМАҚҚА

Аманбысың Ақтамақ,
Өзіңде бар бақ-талап.
Дүкендегі тәттіні
«Еміп жүрсің» ақталап.
Қылықтысың, қызықсың
Жазық маңдай ақ қабақ
Бар тауарың қолыңда
Сондықтан да шырағым
Дүкеншіні жұрт мақтамақ.
Матаның кидің қызылын,
Дүкеннің көрдің қызығын
Кейде естисің халықтың
Келіссіздеу ызыңын.
Дүкенші қыз Ақтамақ
Шығарып тағы жіберме,
Алыстан келген ағаңды
 Иығыңмен қақпалап.





Пікір жазу