КӨТЕРЕМ КӨКТІҢ АРЫЗЫ
Таушықта көмір тресінің қарауында жұмысшыларды жабдықтау бөлімінде («ОРС») жұмыс жасайтын Алданазаров Төлегеннің астында біршама жорғасы бар көк жылқы болды. Бакиров деген «ОРС»–тың бастығы Бакуге іссапармен кеткенде оның орнында Ильин деген орыс шал қалыпты. Сол кісінің дұрыс мән бермеуінен, іске жүрдім-бардым ұқыпсыз қарауынан жылқылар күтімсіз жүдеп-жадап қалады. Сол уақытта қосалқы шаруашылықта бригадирлік қызмет жасап жүрген Түмекең осы шалағайлықты сынға алып, мынадай сықақ өлең шығарған екен:
Қорада жатыр қозғалмай
Көтерем болған көк жылқы.
Көк жьлқының көңілінде,
Айтса мұңы көп жылқы.
Өзі қотыр, өзі арық
Боран соқса бір күні
Өлуге сірә дөп жылқы
Ішінде қарнау жоқ жылқы
Бұтының борбай қоңы жоқ
Бірақ, сүйегі сұлу көн жылқы
Ол мені көріп жылады,
Жылады да жырлады:
«Жеп тұрған менде жем де жоқ,
Спецторг-ОРС-тан»
Беріліп тұрған дем де жоқ
Орнымнан тұрып кететін,
Өлмес қамымды ететін
Менде қуат, сел де жоқ.
Қарыз да болса қазірде
Беретін жем сенде жоқ
Жағдайсыздан жатырмын
Одан басқа жігіттер
Жалқаулық деген менде жоқ
Мендей қасқа бүгінде
Аудан түгіл колхоз бен
Артель-ферма елде жоқ
Неге десең жолдастар
Жағдай мені Таушыққа
Шахтаға әкеп байлады
Арбаға алты ай айдады.
Қайыс ноқта басымда
Иманов Жәлеш дегеннің
Сұр аты бар қасымда
«Конный двордың» ішінде
Күндіз-түні байлады.
Кең далаға боз шыққан,
Жалғыз күнде жаймады
Қара таудың қатпары
Тас үйлердің қапталы
Шай ішімдей шамасы
Жайылысқа жайғаны
Көзім оттай жайнады
Сол себептен бүгінде
Жатқан жерден тұра алмай
Сорым әбден қайнады.
Бакиров кетіп Бакуге
Тіл білмейтін «тентек» шал,
Тап болды бізге қайдағы?!
Басымдағы осындай
Кемшіліктер кездескен
Мән бермеудің айғағы
Басқа жердің бәрінің,
Кемшілігі айтылып
«Спецторг-ОРС-тың»
Ашылмай жатыр қаймағы.
Көлікті күйлі бақпаған
Арқама жабу жаппаған
Қотырға дәрі жақпаған
Жолдастар өзің қарашы
Жауапсыздық дегеннің
Тап осылар қай жағы?
Бастаған жерім еңбекті,
Тас көмір шыққан Таушықтан
Тастан салған қаласы,
Жайылған жерім сұрасаң
Оңтүстік «Жалбарт» даласы.
Тұратын жерім тоңғанда
Ақ таулардың арасы.
Дәрігерімді сұрасаң
Аудандағы жас маман
Сергей Ульян баласы.
Дәл осы бір шіркіннің
Көзінің менде аласы
Ісінің болды шаласы
Емдеп жақса дәрісін
Қотыр емес, құрттың да
Жазылмай ма жарасы?
Сергейдің жайын айтайын
Қотыры болса қойлардың
Шыр айналып бағады
Ауруын емдеп жазады.
Себебі бар оның да
Кететін күні сол малдан
Бір қошқарды байлатып
Шаптырып қойдан алады.
«Қотырдан өлген қошқар» деп
Егер өлсе – етін жеу,
Бізге деген арнайы,
Берілген бөлек жоспар» деп
Қоржынға сойып салады.
Күн қызылы батқасын
Жұрт ұйқыға жатқасын
Колхозды ауыл-фермеден
Ауданға қарай шабады.
Орта жолға жеткесін
Астындағы сорлы көк
Діңкелеп жүрмей қалады.
«Жамандатқыр көк ит» деп
Қамшыменнн сабады.
Түсініңдер айтқанды
Естіген балдар саналы.
«Шаршадық» ден шалқаймаң
ІІІаруа баққан балдарым
Бәріңе бірдей емес пе
Игілікке баққан малдарың?
Көрген жандар «күйлі» деп.
Милицияның малдарын
Қарнында қалың қазы бар
Қатты дейді мойын, жалдары
Біз көтерем арықпыз
Шетінен жауыр қотырмыз.
Жолдасбаев Қалмұқан
Көзіңді шалып қарашы
Қандай заттың салдары?
Тоңған күні біз тұрдық
Торғайдай болып топтанып
Жерге түскен сулардан
Ішеміз келіп тоқталып
Арқаға аяз батқасын
Жамбасқа ылғал қатқасын
Біз өлейін деп оқталдық.
Әлгі Бакуге кеткен бастықты
Кейіген күні боқтадық
Керекті күні жоқтадық
Бакиров шапшаң келмесс
Ат дорбаны толтырып
Арпа-бидай, сұлыны
Мойынға әкеп ілмесе
Өлуге басты оқтадық.
Жақында жақсы түс көрдім
Келер деп тұрмын Бакиров
Көрген түсім келмесе
Таянғандай бір тықыр
Ажал жетіп ақыры
Маңдайды кұдай тілмесе?!.
Өліп кетсем ол анық
Ізделмесім жоқталып
Бірақ та мынау бейкүнә
Бағып жүрген шалдарым
Жағдайсыз өлген біз үшін
Кетпесе екен сотталып.