26.07.2022
121
АЙДАРХАН ІНІМЕ
Жанашыр сүйенішім алдымдағы,
Кең Алла қатардан бір қалдырмады.
Жасыңнан қызмет қылып көзге түстің,
Кең Алла әйтеуір тек сан қылмады.
Тіл тауып бұқара жұрт халықпенен,
Өзіңді жастайыңнан танып келем.
Сөз қуса жаман шалың жымыңдайсың
Сенімен көкке жетті анық төбем.
Болмайды бұл өмірде асылға сын,
Шалқисың жақсылардың қасындасың.
Айдархан айналайын мың жасай бер,
Төріңде балаларың тасырласын.
1953 жыл.