26.07.2022
  144


Автор: Түмен Балтабасұлы

БӘЙБІШЕ ДҮЙСЕНБАЙҒА

Дүйсенбай өлең-жырдың бәсін біліп,
Жырлайсың көмейіңде асыл мүлік.
Топшыңды көтересің той-думанда,
Өзгеше саз-күйіңді шашу қылып.
Сен жырды төгесің-ақ жазық белден,
Қашаған, Сәттіғұлдан азық терген.
Өзіңе жат пеп жақын сұрын салды.
Дүлдүлсің қатарыңнан озып келген.
Жырың бар көл-дария шарықтаған.
Бұ халық тыңдаудан да жалыкпаған.
Жанжігіт, Шамғұлдар болып бір жүргенде
Маңғыстау тәтті сөзден тарықпаған.
Дүйсенбай жырлағанда әндетесің,
Әр сөзге жан бітіріп мәнді етесің.
Тіл-көзден сақтай гөр деп біз тілейміз,
Қажалған көне сөзді мәңгі етесің.
Домбыра біздер тартсақ міңгірлейді,
Шаңына тоғыз перне ілдірмейді.
Дүйсенбай сен жырласаң, әнді шырқап,
Жеті қабат жер асты күмбірлейді.
1950 жыл.





Пікір жазу