26.07.2022
  124


Автор: Түмен Балтабасұлы

ИСАТАЙ ҚАЗАСЫНА

(Исатай Сүйеубаев қайғылы қазаға ұшырағанда айтылған сөз)
Маңғыстаудың батыры
Аңғал мінез, ақ көңіл
Жау қайырған сабазым.
Қыстаңдық тарлық ішінде
Соғыстың көріп азабын.
Суын түсті жүйрігім
Болмады-ау көп базарың.
Болып кетті қайтелік,
Кез келгеннен ажалың.
Быламыққа тіс сынды
Қарашы шайтан мазағын.
Дәулеталы баласы
Сарпылдақ Мұқан қасыңда
Аман-сау елге ол жетті.
Қайғысы қалың басында
Зайыры күшті аршылан.
Осының бәрін көргенде
Дүниені мынау тарсынам...
1947 жыл.





Пікір жазу