26.07.2022
  172


Автор: Түмен Балтабасұлы

ҚЫЗДАРЫМ ДА – ҚҰЛЫНЫМ

Үлкендік жеңіп келеді
Уақыт деген желмая,
Еңкілдей желіп жөнеді.
Жер таянып жетпіс тұр,
Алланың өзі демеді.
Баяғыша қартаймай
Көкірек шіркін сөйлеп тұр.
Елес те белес өткен күн
Кейінгі жақта көлбеп тұр.
Қима сақал, қира мұрт
Ол да бүгін ағарды
Көлеңке басты жанарды.
Сайынжан түске кіргенде
Сарғайтады санамды.
Жаратыпты кең Алла
Бұйрық қылып озалдан
Он сегіз мың ғаламды.
Сол сияқты қояды
Арманда қылып адамды.
Қыздарым бар – қызыл гүл
Тілекші ғой олар да
Оларсыз көңіл толар ма?
Олар да менің сусындар
Мөлдір бұлақ тұнығым.
«Папалап» келіп алдымнан
Шығады ғой құлыным.
Бүтінделіп қалады
Жан жарасы-сынығым...
1955 жыл.





Пікір жазу