26.07.2022
135
АШ БОЛСАҢ...
Аш болсаң дос дегенің қас болады,
Қабығы «кәртөшкінің» ас болады.
Аш болсаң екі көзің қарауытып,
Қу сүйек тұла бойың тас болады.
Шыдайсың мүттәйімнің азабына,
Қаласың жын перінің мазағына.
Тірілей тозаққа кеп түсе қалу,
Жат емес Маңғыстаудың қазағына.
Бұл құдай екі көзді тағалады,
Сұм жалған сұрқылтай боп сабалады.
Кем емес тегеурінді тергеушіден,
Гурьевтің масасының талағаны.