26.07.2022
258
БІЗ АДАЙ ДЕГЕН ЕЛ ЕДІК...
Жетімдер келсе жылаған,
Емізген емшек ел едік.
Жесірлер келсе зәбірлі,
Маңдайдан сипан жебедік.
Аш-арық келсе алыстан
Қарттарымыз қайырлы,
Шалдарымыз зайырлы
Пейілге де кең едік.
Жалшылар келсе жалданған.
Артық беріп ақысын,
Еңбектерін жемедік.
Ханды өлірген қашқынға
«Қағазың бар ма жаныңда,
Қайдан жүрсің?» – демедік.
Бар айыбымыз бастағы
Оқу-білім, өнерді
Үйренуден кем едік.
Жарылқаған кең Алла,
Атағы бар, даңқы бар,
Біз, Адай деген ел едік.