26.07.2022
  150


Автор: Өскінбай Қалмамбетұлы

ЖИРЕН ЖОРҒА

Тоғыз жыл сені, жирен, колға бақтым,
Төгілтіп талай тойда жорғалаттым.
Алысты жақын еткен жануарым,
Теріңді тебінгіден сорғалаттым.
Сурылып көп алдына шығамын деп,
Құм демей, балшық демей, омбалаттым.
Теңселтіп талай топта алған жүлде,
Мінеки, ақырында сорға баттың.





Пікір жазу