26.07.2022
  145


Автор: Өскінбай Қалмамбетұлы

ҚОШТАСУ

Дүние жалған, өттің бе?
Базарым, тарқап кеттің бе?
Алпыс беске келгенде,
Ажал шіркін, жеттің бе?
Көтерем қойдай талпынтып,
Ішіме түскен ауыр дерт,
Кедергі салдың екпінге.
Ырза бол, балам, қартыңа,
Арасында халқыңның
Түсірдім талай шаршыға.
Атаның атын аздырма,
Балапан қалды ұяда,
Кеткенмен ұшып қаршыға.
Көре алмас уақыт тап болды,
Енді бізден көп сәлем
Ұлан-байтақ халқыма.





Пікір жазу