26.07.2022
  117


Автор: Өскінбай Қалмамбетұлы

АТЫМЫЗ БОЛАР ӨСКІНБАЙ

Сұрасаң менің ныспымды-ай,
Атымыз болар Өскінбай.
Алқаға түсіп жасымнан,
Қамады халық үстімді-ай.
Ақсақал, атың Арыстан,
 Кез болдым келіп алыстан.
Өз тұсымда жерім жоқ
Қатарымнан қалысқан.
Өнерлінің бірі едім
Бәйгілі жерде жарысқан.
Түрікмен мен қазақта
Ешкім озып шыққан жоқ
Домбырасын шалысқан.





Пікір жазу