26.07.2022
217
АҚЕРКЕ
Арқандаулы ақсұр ат міндік пәмге,
Серілікпен қыдырып жүрдік сәнге.
Қызды ауылдың тұсынан өте беріп,
Жаяулатып жібердім қоңыр әнге...
Ауылым көшіп барады аңғарменен,
Ақеркеш-ау, көңілің қалған неден?
Ертелі-кеш ауылыңды аралаймын,
Сәнді көпшік, сәйгүлік тарланменен.
Алған жары жігіттің болса жақсы,
Ісің болмас өлгенше жанжалменен.
Алған жары жігіттің болса жаман,
Өле-өлгенше кетерсің арманменен.