26.07.2022
114
ЖАСТАР ЕДІК....
Қара қандай, ақ қандай, шабдар қандай,
Жақсы, жаман жігітке бағдар қандай.
Тіршіліктің күнінде шалықтай бер,
Уақыт болар бір күні дағдарғандай.
Өмір деген өрмелеп келе жатыр,
Жастар едік кешегі балдырғандай.
Алып ұшқан асқарға көңіліңді,
Күн кездесер кәрілік қалдырғандай.